2025 жылғы 18 желтоқсанда
Қазан федералдық университетінің Психология және білім беру институтында «Ниғматов оқулары. Гуманистік тәрбие:
дәстүрлер, инновациялар және болашақ бағдарлар» тақырыбында VII Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция гуманистік
педагогиканың өзекті мәселелерін, рухани-адамгершілік құндылықтарды және
қазіргі заман жағдайында тұлға қалыптастырудағы білімнің рөлін талқылау үшін
Ресей және шетелдік ғалымдарды, педагогтарды және білім беру саласының
практиктерін біріктірді.
Конференция аясында
онлайн форматта «Орталық
Азия ағартушыларының гуманистік идеялары - білім берудің аксиологиялық ресурсы ретінде» тақырыбында баяндама жасалды.
Баяндамашылар - Астана
халықаралық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
Баубекова З.Д. және 4 курс студенті Сүлеймен Сания. Ұстаз бен студенттің
бірлескен баяндамасы білім берудегі ұрпақтар сабақтастығы мен диалог идеясын
айқын көрсетті.
Конференция соңында
қатысушылар көрнекті ағартушы Махмудқожа Бехбудидің мұрасына назар аударды.
Оның «Ең
үлкен байлық -
білім. Ең үлкен мұра -
тәрбие» деген
сөзі конференцияның идеялық өзегіне айналып, бүгінгі педагогикалық қауым үшін
өзектілігін сақтап отырғанын көрсетті.

