Astana International University студенті халықаралық эссе байқауының жүлдегері атанды

2025 ж. 18 жел., бс, 09:05

Astana International University-дің үшінші курс студенті Айдана Саханова Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институты ұйымдастырған Қоғамдық қаржыны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша V Халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді.

Аталған беделді зияткерлік сайысқа Ресейдің және шетелдің жетекші білім беру орталықтарынан келген студенттер мен магистранттар қатысты. Байқау географиясы Мәскеу, Санкт-Петербург, Нижний Новгород, Владимир қалаларын, сондай-ақ Қазақстан, Беларусь және Қытай елдерін қамтыды. Конкурсқа ең көп жұмыс М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Н.И. Лобачевский атындағы Ұлттық зерттеу Нижний Новгород мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Ресей мемлекеттік әділет университеті және өзге де жетекші жоғары оқу орындарының студенттері тарапынан ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша Айдана Саханова «Қаржылық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» секциясында II орынға ие болды. Қазылар алқасы оның «Қаржылық қауіпсіздік: Қазақстан мен Ресей тәжірибесі» тақырыбындағы эссесін жоғары бағалап, онда екі елдің қоғамдық қаржылардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасалғанын атап өтті.

Ғылыми жетекші ретінде  Astana International University құқық жоғары мектебінің аға оқытушысы Жанат Сеилханов жетекшілік етті. Байқаудағы бұл жетістік университет студенттерінің жүйелі ғылыми дайындығы мен халықаралық академиялық бастамаларға белсенді қатысуының нәтижесі болып табылады.

Astana International University студенттерінің халықаралық байқауларға қатысуы мен жеңістері болашақ мамандардың жоғары деңгейде даярланып жатқанын дәлелдеп, қазақстандық білім берудің халықаралық академиялық кеңістіктегі беделін арттыра түсуде.

 

 

 

 


333