2025 жылғы 11 желтоқсанда «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының
25А тобының студенттері үшін Психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен
«Эмоцияларды басқару және эмоционалды интеллект: өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу
әдістері және олардың практикалық қолданылуы» тақырыбында интерактивті дәріс
өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты емтихандар алдындағы психоэмоционалдық күйді
тұрақтандыру, студенттердің эмоционалды интеллектін дамыту және психологиялық
сауаттылығын арттыру болды. Дәріс барысында эмоциялардың пайда болу табиғаты,
стресс пен мазасыздықтың психофизиологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ
эмоционалды интеллекттің негізгі компоненттері жөнінде теориялық мәліметтер
ұсынылды.
Сонымен қатар студенттер эмоцияларды басқару тәсілдері мен өзін-өзі
реттеу дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеріп, эмоционалды күйді тиімді басқаруға
арналған практикалық құралдармен танысты. Интерактивті форматта өткен дәріс
барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, мамандарға сұрақ қою
мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай профилактикалық шаралар студенттердің емтихан кезеңін сенімді әрі
сабырлы өткізуіне оң ықпал ететіні сөзсіз.

