АIU Құқық жоғары мектебінің декан орынбасары марапатталды

2025 ж. 17 жел., ср, 09:23

Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің декан орынбасары Сейілханов Жанат Дүйсенбайұлы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының медалімен марапатталды.

Аталған жоғары марапат көпжылдық нәтижелі ынтымақтастығы, ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ еліміздің білім беру және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға сіңірген еңбегі үшін табысталды.

Жанат Дүйсенбайұлы ұзақ жылдар бойы құқық саласына білікті мамандар даярлау ісіне белсене араласып келеді. Ол заң білімін жетілдіруге, ғылыми зерттеулерді дамытуға сүбелі үлес қосып, теория мен практиканы ұштастыруға ерекше мән беріп келеді. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен құқық қорғау құрылымдары арасындағы әріптестікті кеңейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы арасындағы ынтымақтастық тәжірибеге негізделген, заманауи заңгер мамандарды даярлауға бағытталған құқықтық білім беру жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Бұл марапат Жанат Сейілхановтың кәсіби еңбегіне берілген жоғары баға әрі еліміздегі құқықтық ғылым мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын айқындайды.

 


328