2025
жылдың 4 желтоқсанында Университеттің Психологиялық қызметі ұйымдастырған «Өнер
– ішкі әлемнің көрінісі ретінде» атты шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын
марапаттау рәсімі өтті. Аталған шара студенттердің өнер арқылы эмоционалдық
күйін, ішкі дүниесін тануға және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталды.
Байқауға 40-тан астам студенттен өтінім қабылданды. Оның ішінде іріктеуден
өткен 16 қатысушының жұмыстары ашық дауыс беру кезеңіне ұсынылды. Әрбір
шығармашылық туынды автордың жеке сезімдік тәжірибесін, өзіндік ой толғанысын
және психологиялық жағдайын көркем тілмен бейнелеуге негізделген.
Ашық дауыс беру нәтижесінде студенттер
төмендегідей жүлделі орындарды иеленді:
·
Чаяхметов Алдияр,
ИЯ: два языка ТиПО «Менің кітабымды
ашайық», IV дәрежелі диплом
·
Ердәулет Аяулым,
Менеджмент «Әрбір жапырақтағы нәзіктік»,
III дәрежелі диплом
·
Какунина Виктория,
Менеджмент «Арман ізі», III дәрежелі диплом
·
Асқарова Саяжан,
Психология «Күрес», III дәрежелі диплом
·
Жақсылық Аяжан,
Дюсембаева Аружан, УХТиИЗО-23А «Махаббат бағында», II дәрежелі диплом
·
Қасымова Мырзақыз,
УХТиИЗО-24Б «Адамның ішкі дүниесі», I
дәрежелі диплом жеңімпаздар
мен қатысушылар марапатталды.
Университеттің Халықаралық қатынастар және
студенттер ісі жөніндегі вице-президенті Қ. Абдрахманов табыс етті. Шара жас
таланттардың өзін-өзі тануына, шығармашылық әлеуетін ашуына мүмкіндік беріп,
студенттік ортада мәдени-рухани құндылықтарды қолдауға бағытталған маңызды
бастама ретінде бағаланды.
