Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту қарсаңында Астана халықаралық
университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
ел тарихының кезеңдерін, мәдени дәстүрлерін және қазіргі заманғы дамуын
шығармашылық тұрғыда бейнелейтін студенттік көрмені ұсынады.
Көрменің
мақсаты Қазақстан Тәуелсіздігінің өнер, ғылым және жаңа буын шығармашылығының
дамуына тірек ретіндегі маңыздылығын айқындау, сондай-ақ студенттердің
таланттарын таныту мен кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң
қалыптастыру.
Өнер
сүйер қауымды, оқытушыларды, студенттерді және шығармашылық мамандарды көрмені
тамашалауға және жас суретшілерді қолдауға шақырамыз.
2025 жылғы 11 желтоқсан, 11:00
Өтетін орны: : Астана қ., М. Әуезов көшесі,
46/1
Ұйымдастырушы: Өнер
және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
