ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫН БАҒАЛАДЫ

2025 ж. 9 жел., сс, 12:02

 

Экономика ғылымдарының докторы, профессор және университетіміздің Жасыл экономика мектебінің жетекшісі Лесбаева Гүлнар Тенелбаевна таза технологиялар саласындағы басты оқиға - GCIP Kazakhstan акселерациялық бағдарламасының финалистерін бағалауға қатысты (GCIP - Global Cleantech Innovation Programme - халықаралық серіктестердің қолдауымен іске асырылып жатқан және таза технологиялар саласындағы инновацияларды ынталандыруға бағытталған жоба).

Шағын және орта кәсіпкерліктегі жасыл инновациялар мен кәсіпкерлікті ілгерілетуге бағытталған ауқымды «Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялар бағдарламасы (GCIP Kazakhstan)» жобасы аясындағы маңызды 3-ші кезең өтті. Профессор Лесбаева Г.Т. GCIP Accelerator 2025 жасыл стартаптарды акселерациялау бойынша Ұлттық конкурс Жюриінің құрамына шақырылды.

10 финалистің Питч-сессиясы өтіп, оған қатысушылар таза технологиялар саласындағы өздерінің инновациялық шешімдерін (жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі, қалдықтарды басқару және т.б.) таныстырды. Жюри жұмысының шарықтау шегі – GCIP Kazakhstan акселерация бағдарламасы финалының жүлдегері атанатын үздік 3 стартапты (жобаны) анықтау болды. Бұл жобалар танылумен қатар, одан әрі даму және нарыққа шығу үшін елеулі қолдауға ие болады.

GCIP бағалауына қатысу - бұл тек мәртебе ғана емес, сонымен қатар экономикамыздың қалай қалыптасып жатқанын көру мүмкіндігі. Ұсынылған жобалар тұрақты даму және "жасыл" жұмыс орындарын құру саласындағы жас кәсіпкерлердің жоғары әлеуетін көрсетеді. Біздің Жасыл экономика мектебі мұндай бастамаларды қолдауға зор мән береді, - деп Лесбаева Г.Т. өз қатысуына қатысты пікір білдірді.

Осы іс-шара аясында экономика жоғары мектебі ТДМ 17 - Мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестік қағидатын жүзеге асырады. Бұл - тұрақты даму саласындағы бастамаларды іске асыру мақсатында халықаралық және өңірлік серіктестікті дамытуға бағытталған.


43