«ТДМ 5 іс жүзінде: академиялық ортадағы гендерлік теңдік»

2025 ж. 4 жел., бс, 13:01

2025 жылдың 4 желтоқсанында Астана халықаралық университетінің Педагогикалық институты, жаратылыстану пәндері кафедрасында, гендерлік теңдік мәселелеріне арналған тақырыптық іс-шара өтті. Іс-шараға «6В01503 – Химия» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері, сондай-ақ АҚШ-тан онлайн қосылған қонағымыз — PhD, AIU Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессор м.а., халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Абеуова Салтанат Болатқызы қатысты. Қазіргі таңда Салтанат Болатқызы АҚШ-тың Дэвис Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Қатысушыларға AIU-дағы студенттердің ішіндегі қыздардың жалпы саны бойынша статистикалық деректер ұсынылды. Студенттер әйелдердің ғылыми зерттеулерге қосқан үлесін, олардың түрлі жобаларға қатысуын, сондай-ақ академиялық ортадағы тең мүмкіндіктер мәселелерін талқылады.

Іс-шараны жаратылыстану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Болысбекова С.М. ұйымдастырып, кездесудің мазмұнды өтуін және еркін пікір алмасуға мүмкіндік беретін жайлы атмосфера қалыптастырды.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға және шақырылған қонаққа алғыстарын білдірді. Олар ашық диалог, ой бөлісу және тәжірибеден алынған нақты мысалдарды талқылау, кездесудің білімдік құндылығын айтарлықтай арттырғанын ерекше атап өтті. Студенттер мұндай бастамалар тұлғалық қалыптасуға, кәсіби өсуге және университет мәдениетін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.


103