2025 жылдың 19 қарашасында «Маркетинг» білім беру
бағдарламасының 3-курс студенттері, Маркетинг-23А тобының білім алушылары
«Qazpatent» Қазақстанның Ұлттық зияткерлік меншік
институты мекемесіне барды. Институт «Брендинг» пәні аясында студенттердің
Қазақстандағы тауар таңбаларын жасау және тіркеу үдерістерін тәжірибе жүзінде
зерделеуі үшін арнайы алаң ұсынды. Іс-шараға «Брендинг» пәнінің оқытушысы,
Жоғары экономика мектебінің доценті Қадырова Г.А. жетекшілік етті.
Сапар барысында студенттер институттың бөлімдерін
аралап, қызметкерлердің жұмыс жағдайларымен танысты, сондай-ақ тауар таңбалары
жөніндегі сарапшылармен кездесті. «Qazpatent» қызметкерлері студенттерге
зияткерлік меншік негіздері, өнертабыстар, патент құқығы, тауар таңбалары және
олардың құқықтық қорғалуы туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл мәліметтер
маркетинг пен брендинг саласының болашақ мамандары үшін кәсіби даярлықтың
маңызды бөлігін құрайды.
Аталған іс-шара студенттердің практикалық білімін
айтарлықтай толықтырып, зияткерлік меншіктің мәні мен оны заманауи брендинг
және маркетинг жүйесінде қолданудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.


