Астана Халықаралық
университетінде Педагогикалық институттың оқытушылары - педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Баубекова З.Д. және аға оқытушы Власова Н.В. «Білім
берудегі инновациялар: сән ме, әлде миссия ма?» тақырыбындағы дәріс өткізді.
Іс-шара мазмұнды әрі
динамикалық форматта өтті. Спикерлер білім беру үдерісіне инновациялық
технологияларды енгізудің заманауи тәсілдерін таныстырып қана қоймай, олардың
тиімділігі, тұрақтылығы және педагогикалық негізділігі туралы сыни
көзқарастарын ұсынды.
Дискуссиялық бөлімдер
ерекше қызығушылық тудырды: оқытушылар мен студенттер цифрландыру дәуіріндегі
педагогтың рөлі, сондай-ақ инновацияның сәнге айналған тренд ретінде және
саналы педагогикалық миссия ретінде қарастырылуы жөнінде белсенді пікір
алмасты.
Лекция-оппонирование
ғылыми талдаудың, кәсіби ынтымақтастықтың және ашық диалогтың білім беру
стратегияларын таңдаудағы маңыздылығын айқындады. Қатысушылар Педагогикалық
институт оқытушылары - профессор
Баубекова З.Д. мен аға оқытушы Власова Н.В. іс-шараға қосқан жоғары деңгейлі
дайындығын, әдістемелік нақтылығын және гуманитарлық тереңдігін ерекше атап
өтті.
Осындай кездесулер
аналитикалық ойлауды дамытуға, ғылыми пікірталас мәдениетін қалыптастыруға және
университеттің академиялық қауымдастығын нығайтуға өз үлесін қосады деп
сенеміз.

