2025 жылғы 7-8 қараша күндері Astana International
University атынан PhD-зерттеуші, Жоғары жаратылыстану ғылымдар мектебінің
қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы және NatureLab зертханасының
жетекшісі Оразов Айдын Ерғалиұлы «Қазақстанның табиғи флорасындағы жеміс-жидек
өсімдіктерін көбейту, сақтау және пайдалану бойынша ғылыми-тәжірибелік
негіздер» атты семинарға қатысты. Іс-шара BR21882166 мақсатты қаржыландыру
бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Ғалымның семинарға қатысуы ҚР МНВО Ғылым комитетіне
қарасты «Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы» РМК-ның ресми шақыруы
негізінде жүзеге асырылды.
Семинар барысында Айдын Оразов екі ғылыми баяндамасын
ұсынды:
• «Маңғыстау облысындағы өсімдік популяцияларының флоралық құрамы,
морфологиялық және генетикалық айырмашылықтарын зерттеу»;
• «Oxford Nanopore MinION технологиясы негізінде өсімдіктердің хлоропласт
геномдарын дешифрлеу және талдаудың заманауи тәсілдері».
Қабылдаушы тарап ботаника, генетика және
биоинформатика саласының өзекті мәселелерін талқылауға қолайлы жағдай жасап,
семинарды жоғары деңгейде өткізді.
Кездесулер қорытындысы бойынша одан әрі ғылыми
ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен зерттеулер жүргізу және халықаралық
рецензияланатын журналдарда бірлескен ғылыми мақалалар әзірлеу жөнінде
келісімдерге қол жеткізілді. Astana International University Айдын Ерғалиұлы
Оразовтың ботаника, генетика және биоинформатика саласындағы ғылыми
серіктестікті нығайтуға және зерттеу бағыттарын дамытуға қосқан үлесін жоғары
бағалайды.


