AIU және Цинхуа университеті ынтымақтастықтың жаңа кезеңдерін талқылады

2025 ж. 17 қар., дс, 13:19

ПЕКИН, 2025 жылғы 11 қараша. Астана халықаралық университеті (AIU) Вице-президент Қайрат Абдрахманов бастаған делегациясы Бейжің қаласында Цинхуа университетінің басшылығымен кездесу өткізді. Қытай тарапынан келіссөздерге Цинхуа университетінің проректоры Ян Бин (Yang Bin) және  Стратегиялық зерттеулер институтының директоры доктор Ши Чжицинь (Dr. Shi Zhiqin) қатысты.

Кездесу конструктивті форматта өтіп, екі университет арасындағы ұзақ жылдардағы тиімді серіктестік тәжірибесін талқылауға бағытталды. Тараптар бірлескен бірқатар табысты жобаларды жоғары бағалады. Атап айтқанда, «Жаңа Еуразиялық құрлық-теңіз интермодальдық көлік дәлізі» ғылыми-зерттеу институтының (СМТК) құрылуы, өзара сапарлар дәстүрі және «Композитор» фильмі сияқты мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуы ерекше атап өтілді.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар Астана халықаралық университеті (AIU) базасында жасанды интеллект бойынша бірлескен лаборатория құру мәселесін бірлесе зерттеп, пысықтау жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ 2026 жылы Цинхуа университетінің Қазақстанға жауап сапарын ұйымдастыру туралы келісімге келді.


1962