ЦЗИНАНЬ, 2025 жылғы 10 қарашада Astana International University (AIU) делегациясы Шаньдун провинциясының Цзинань қаласында Inspur корпорациясының басшылығымен жұмыс кездесу өтті. Кездесудің негізгі бөлігі Inspur Cloud Information Technology Co.,Ltd. бас менеджері Янь Лян (YAN LIANG) мырзамен өткен келіссөздер болды.
Визит Inspur корпорациясының Қытайдағы жалғыз жасанды интеллект зауытын аралаудан басталды. Қытай тарапы ИИ-жобаларды әзірлеу және бұлттық сервистерді дамыту бағытындағы тәжірибесін таныстырып, кәсіпорынның технологиялық қуатын егжей-тегжейлі көрсетті.
Келіссөздер барысында тараптар болашақтағы әріптестіктің стратегиялық бағыттарын талқылап, өзара көзқарастарымен бөлісті.
Кездесу қорытындысында жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, тараптардың бірлескен бастамаларды дамытуға деген ниеті ресми түрде бекітілді.

