Astana International University (AIU) делегациясы Чжэцзян қаржы-экономика университетінде (ZUFE) өткен Орталық Азияның экономикалық және әлеуметтік дамуына арналған VIII симпозиумға қатысты. Іс-шара Қытай мен Орталық Азия арасындағы жаңа ынтымақтастық бағыттарын және жоғары сапалы зерттеулерді дамыту мәселелеріне арналды.
Симпозиумға Қытайдың жетекші ғылыми орталықтары мен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның үкіметтік, іскерлік және академиялық ортадан келген 60-тан астам сарапшы қатысты.
Негізгі баяндамалар сессиясында Astana International University вице-президенті Қайрат Абдрахманов «Жаңа Еуразиялық құрлық дәлізін дамытудың перспективалары» тақырыбында негізгі баяндама жасады.
AIU өкілінің сөз сөйлеуі аясында кең көлемді пікірталас өтті. Оған Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының (CASS) сарапшылары да қатысты.
Қатысушылар Қытай мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондай-ақ өңіртану саласы үкімет, университеттер және бизнес арасындағы күш біріктіруді одан әрі жалғастыруы қажеттігі айтылды.


