AIU студенттері заң мен тәртіп қағидасын талқылады

2025 ж. 13 қар., бс, 09:31

Астана халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебі студенттері құқық қорғау органдарының өкілдерімен «Заң және тәртіп» қағидасы аясында кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға деген құрметті қалыптастыру болды.

 Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды: «Заңды біл, өзіңді қорғай біл: дроперлік пен алаяқтықтың алдын алу» «Нашақорлықтың алдын алу - қоғамның басты міндеті»

Кездесу студенттер үшін пайдалы әрі әсерлі өтті. Қатысушылар өз құқықтарын қорғаудың және заңды сақтаудың маңыздылығын терең түсінді.


191