«Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетіне академиялық ұтқырлыққа қабылдау басталды

2025 ж. 7 қар., жм, 11:05

2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі - «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетіне (НИУ ВШЭ) академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау ашылды. Тек - 10 орын.

ВШЭ рейтингтері:
QS WUR — әлемде 440-орын
THE — әлемде 501–600-орын
ARWU — әлемде 801–900-орын

Бағдарлама туралы ақпарат

  • Оқу кезеңі: 2026 жылғы 9 қаңтар - 30 маусым
  • О орны: Мәскеу қ., РФ
  • Тұрар орны
    Студенттер НИУ ВШЭ жатақханаларымен қамтамасыз етіледі.
    2–3 адамдық бөлмелер.
    Шамамен айына 3000 рубльге дейін.
  • Оқу тілі: орыс, ағылшын

Өтінім бере алатындар

Бакалавриат: 1–3 курс
Магистратура: 1 курс
Магистратура (қысқы қабылдау): 2 курс

Қатысу талаптары

  • GPA: 4 балдық жүйе бойынша кемінде 3.3
  • Тіл деңгейі:
    орыс — C1 / ағылшын — B2 және жоғары
    (IELTS немесе TOEFL сертификаты құпталады)
  • Мотивациялық хат:
    орыс немесе ағылшын тілінде, 1200 сөзге дейін

Маңызды мерзімдер

  • Өтінім қабылдау: 2025 жылғы 7–14 қараша
  • Бірінші кезеңнен өткен үміткерлермен сұхбат: 2025 жылғы 18 қараша

Қалай өтінім беру керек?

Төмендегі сілтеме арқылы тіркеліп, қажетті құжаттарды жүктеңіз
(мотивациялық хат, IELTS/TOEFL сертификаты, транскрипт және т.б.):

 Сілтеме:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfGTs9zz6wxp3uogT6My-5YvLu63Obt1D23abUYCd9lgpGVSA/viewform?usp=header

Үздік шетелдік университетте білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!!!

Барлық сұрақтар бойынша:
ПОиАМ бөлімі, 221 кабинет — Сапарова Д.Р.

 


168