Астана Халықаралық университетінде «Іске бейім әкелер» қорымен кездесу өтті.

2025 ж. 7 қар., жм, 10:43

    Бүгін Astana International University президентінің «Отцы в деле» қорының жетекшілерімен кездесуі өтті.

       Кездесу барысында болашақ педагогтарды даярлау үдерісіне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, салауатты отбасылық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы саналы әкелік рөлін арттыру мәселелерін енгізу талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жобаларды, білім беру бағдарламаларын және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


139