AIU Педагогикалық институтында бинарлық дәріс өтті

2025 ж. 5 қар., ср, 05:08

«Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру мәселелерін талдау»

Астана халықаралық университетінің Педагогикалық институтында оқу процесі барысында заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялық оқыту технологиялары кеңінен қолданылады.

Осындай тиімді тәжірибенің бір мысалы ретінде
«Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру мәселелерін талдау» тақырыбындағы бинарлық дәрісті атап өтуге болады.

Дәрісті институт оқытушылары Баубекова Замира Джураевна мен Власова Нина Васильевна өткізді. Олар екі пәннің  «Білім беру: жаһандық көзқарас» және «Эмоционалды интеллект» тақырыптарын өзара біріктіріп, сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындап, студенттер меңгеруі тиіс негізгі ұғымдар мен күтілетін нәтижелерді белгіледі.

Сабақ барысында коммуникативтік, тұлғаға бағытталған және интерактивті әдістер сияқты заманауи педагогикалық технологиялар қолданылып, студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етті.

Дәріске Педагогикалық институттың доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Асан Туксанбаев қатысып, дәрістің жоғары деңгейде өткенін, тақырыптың өзектілігін және интерактивті әдістердің тиімді қолданылғанын атап өтті.

Бинарлық формат студенттерге қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі мәселелерді әртүрлі қырынан қарауға және пәндер интеграциясының болашақ педагогтарды даярлаудағы практикалық маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

 

 

 


132