Астана Халықаралық Университетінде география мамандығының бірінші курс студенттерін қабылдау салтанаты өтті

2025 ж. 5 қар., ср, 04:39

2025 жылдың 31 қазан күні Астана Халықаралық Университетінің Педагогикалық институты жанындағы Жаратылыстану пәндері кафедрасында «География» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерін географтар қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің университет өміріне бейімделуіне қолдау көрсету, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, білімге деген ұмтылысты арттыру, сондай-ақ жоғарғы курс студенттерімен өзара танысу мен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік жасау.

Салтанатты іс-шара барысында кафедра меңгерушісі мен профессорлық-оқытушылар құрамы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге табыс тіледі.
Жоғары курс студенттері өздерінің шығармашылық қабілеттерін концерттік бағдарлама арқылы көрсетті.

Бірінші курс студенттері дәстүрлі ант қабылдап, екінші курс студенті оларға «Алтын глобус» символын табыстады. Осы сәттен бастап олар Астана Халықаралық Университеті Педагогикалық институтының толыққанды студенттері атанды.

Бұл ерекше күн жас географтардың кәсіби білім мен ғылыми ізденістерге бастайтын алғашқы қадамы болды.

 


170