Astana
International University (AIU) халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін
нығайтып, QS Asia Rankings 2026 қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы 455
жоғары оқу орнының ішінде 73-орынды иеленді.
Бұл небәрі жеті жыл ішінде аймақтың жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде мойындалған жас университет үшін елеулі жетістік. Алғаш рет QS Asia Rankings 2026 рейтингісі бойынша 30 000-нан астам жоғары оқу орындарының арасында Азияның ең үздік 1500 университетінің қатарына енді.
QS
Central Asia рейтингінде 73-орынға көтерілуі университеттің сапалы білім беру, ғылыми
зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.
Astana International University бүгінде Қазақстан мен өңірдің инновация мен
жаһандық серіктестікке негізделген заманауи жоғары білім орталығына айналып
келеді.
AIU-дың
басты мақсаты – білім сапасын арттыру, ғылымды дамыту және халықаралық
интеграцияны кеңейту. Университет ұжымы кәсібилігі мен табандылығының арқасында
студенттердің сенімін иеленіп, еліміздің жоғары білім беру жүйесінің жаңа
келбетін қалыптастыруда.
Анықтама: QS
Rankings (Quacquarelli Symonds) – әлемдегі ең беделді университеттер
рейтингтерінің бірі. Бұл рейтингтің көрсеткіштері жоғары оқу орындарының
академиялық беделі мен ғылыми-зерттеу әлеуетін айқындап, студенттер мен
серіктестер үшін маңызды бағдар ретінде танылады.
