Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада аталған университет
филиалының ашылуы нәтижелі қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін
көрсетеді деп санайды. Сондай-ақ бұл гуманитарлық байланысты нығайтып, елдер
арасындағы зияткерлік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ететініне тоқталды.
Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын
дамыту, ғылым-білім саласында ықпалдастық орнату, білікті
қытайтанушы-лингвистерді даярлау мәселелері талқыланды.
Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту
салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективасы жөнінде әңгімеледі.

