AIU-де Еуропалық Одақ өкілдерімен кездесу және Еуропалық кинофестивалі - 2025 аясында деректі фильм көрсетілімі өтті

2025 ж. 4 қар., сс, 09:45

2025 жылдың 3 қарашасында Astana International University қабырғасында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі, ЕО Елшісінің орынбасары және Францияның Қазақстандағы Елшілігі бірінші кеңесшісімен кездесу өтті. Кездесуден кейін университет студенттеріне арналған Еуропалық кинофестивалі - 2025 шеңберінде арнайы деректі фильм көрсетілді.

Іс-шара Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Франция Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оған студенттер, оқытушылар мен AIU басшылығы қатысты.

Көрермендерге француз режиссерлері Седрик Грас және Кристоф Рейла түсірген «Арал теңізі. Сырдария: даладан шабындыққа дейін» атты деректі фильм ұсынылды. Фильм Арал өңірінің экологиялық жағдайы мен мәдени мұрасын көрсетіп, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті сақтау қажеттігін алға тартады.

Көрсетілімнен кейін ашық пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өңірдің экологиялық сын-қатерлері, су ресурстарын тиімді пайдалану және дәстүрлі шаруашылық мәдениетін сақтау мәселелері бойынша ой бөлісті.

AIU қабырғасында өткен бұл іс-шара Еуропалық кинофестивалі – 2025 маңызды бөлігіне айналып, жастардың экологиялық санасын арттыруға, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталды


2002