Astana International University халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

2025 ж. 4 қар., сс, 06:27

 

2025 жылғы 30-31 қазанда Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясы Ботаника институты жанындағы ғылыми дәрежелер беру құқығына ие Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Ғылыми кеңес отырысына  биология ғылымдарының докторы, профессор, Astana International University-дің Бірінші вице-президенті Анар Базарқызы Мырзагалиева қатысты.

Отырыста Абдураимов Озодбек Султанқұловичтің «Өзбекстан флорасындағы мәдени өсімдіктердің жабайы туыстары: таралуы, популяциясының жағдайы және табиғи ресурстары» атты диссертациялық жұмысы 03.00.05 Ботаника мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіналу үшін қорғалды.

Анар Базарқызы Мырзғалиева аталған диссертация бойынша ресми оппонент ретінде бекітіліп, жұмыстың өзектілігіне, ғылыми жаңалығына, теориялық және практикалық маңызына жан-жақты баға берілген ресми пікірін ұсынды.

А.Б. Мырзғалиеваның Ғылыми кеңес отырысына қатысуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Орталық Азия өсімдік әртүрлілігін зерттеу мен сақтау саласындағы тәжірибе алмасуға ықпал етті.


751