Пәнаралық ғылыми-әдістемелік семинар

2025 ж. 4 қар., сс, 04:42

«Болашақ информатика пәні мұғалімдерінің сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы заманауи тәсілдер»

 Күні: 2025 жылғы 5 қараша
 Уақыты: 10:00
 Өтетін орны: Astana International University, конференц-зал (217 аудитория)
Қатысу форматы: гибридті (офлайн + онлайн, Zoom платформасы арқылы)

Zoom сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/89029795197?pwd=slFFdpt1QMl2rwO7W3LHegTT7dFYF7.1
ID конференция: 690 866 9012
Құпия коды: 1234

 

Astana International University «Болашақ информатика пәні мұғалімдерінің сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы заманауи тәсілдер» атты пәнаралық ғылыми-әдістемелік семинарға оқытушыларды, зерттеушілерді және студенттерді қатысуға шақырады.

Іс-шараның мақсаты — сыни ойлауды дамыту бойынша озық тәжірибелер мен әдістемелермен алмасу, сондай-ақ болашақ мұғалімдерді даярлауда жасанды интеллект (AI) симуляторларын қолдану мүмкіндіктерін талқылау.

Ұйымдастырушы: Astana International University
Серіктестер: Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары және шетелдік серіктестер, соның ішінде Columbia University (АҚШ).

 

 Семинар бағдарламасы:

  • Педагогика және IT саласындағы жетекші ғалымдардың баяндамалары;
  • Сыни ойлауды дамытудың заманауи цифрлық құралдары бойынша пікірталас;
  • Оқытушылар мен магистранттардың ғылыми жобаларының таныстырылымы;
  • Қорытындылау және қатысушыларға сертификаттар табыстау.

 

Модератор:
п.ғ.д., профессор Баубекова Замира Жураевна

Баяндамашылар:

  • Irina Lyublinskaya, Professor of Mathematics and Education, PhD (Columbia University, АҚШ)
  • Баубекова З.Д., п.ғ.д., профессор, ПИ МУА
  • Дамекова С.К., п.ғ.к., доцент, ПИ МУА
  • Карелхан Нурсауле, PhD, ЕҰУ им. Л.Н. Гумилева
  • Мухарский Дмитрий Васильевич, ҚУ им. Ш. Уәлиханов
  • Бадилов Ерлан Багентаевич, магистрант, МУА
  • Азаматова Асель Тлеуберліқызы, оқытушы, «Туран-Астана» университеті

 Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталып, баяндамалар электрондық жинаққа енгізіледі.

 Баршаңызды цифрлық дәуірдегі сыни ойлауды дамытуға арналған тәжірибе алмасу мен пікірталас алаңына шақырамыз!


453