Мамандыққа тағы бір қадам!

2025 ж. 4 қар., сс, 04:06

2025 жылдың 30 қазанында Астана халықаралық университетінің Педагогикалық институты «Биология» білім беру бағдарламасының даму жоспарына сәйкес «Оқу мен оқытудағы бағалаудың рөлі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты - педагогикалық тәжірибеден өтетін жоғары курс студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру болды.

          Өзінің білімі мен сабақ жоспарларын құрастырудағы практикалық тәжірибесімен №70 мектеп-гимназиясының шебер-ұстазы, «Жылдың үздік педагогы – 2016» атағының иегері және Ы.Алтынсарин медалінің иегері Сағатбекова Серікқайша Қабылғазынқызы бөлісті.

          Болашақ мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың 10 балдық шкаласының ерекшеліктерімен танысып, тапсырмалар орындады, ал өзара және өзін-өзі бағалау құралдарын пайдалана отырып, критерийлер мен дескрипторларға сүйеніп, бір-біріне кері байланыс берді. Осы арқылы олар оқушылардың жетістіктерін бағалау және қысқамерзімді сабақ жоспарын құрастыру дағдыларын шыңдады. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің бағалау тәжірибесін терең талдаудан өткізе білді.

          Іс-шара студенттеріміздің педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етті. Бұған шебер-ұстаз құрған орта мен барлық қатысушылардың жоғары деңгейдегі кері байланысы дәлел болды.

          Серікқайша Қабылғазынқызына шынайы алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта әдістемелік ынтымақтастығымыздың табысты жалғасатынына сенім білдіреміз!


710