AIU студенттері химия пәні бойынша өткен IV Халықаралық студенттік олимпиаданың жүлдегерлері атанды

2025 ж. 22 қаз., ср, 13:21

Бүгін Түрікменстанның Ашхабад қаласындағы Махтумқұлы атындағы Түрікмен мемлекеттік университетінде химия пәні бойынша IV Халықаралық студенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Astana International University үлкен қуанышпен хабарлайды.
Атап айтсақ, магистратураның 1-курс студенті Қайыров Нұрлан және бакалавриаттың 2-курс студенті Акрамов Асланбек аталған олимпиадада қола медаль иегерлері атанды.

Қатысушылардың ғылыми жетекшісі — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрғалиева Дәмен Ауқылқызы студенттерді дайындаудағы еңбегі мен қолдауы үшін ерекше алғысқа ие болды.

Жеңімпаздар мен жетекшіге университет президентінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды. Бұл жетістік — AIU студенттері мен оқытушыларының жоғары дайындық деңгейі, табандылығы мен ғылымға деген адалдығының айқын дәлелі.

 


1271