2025
жылғы 21 қазан күні Astana International University-дің «Құқықтану» және
«Халықаралық құқық» мамандықтарының екінші курс студенттері үшін айрықша күн
болды.
Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор,
Жоғары құқық мектебінің оқытушысы Исидор Шамилұлы Борчашвили игі дәстүрін
жалғастырып, болашақ заңгерлерге қымбат сый тарту етті — Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексіне арналған үш томдық «Түсіндірме»
еңбегінің 110 жинағын табыстады.
Профессордың
бұл игі бастамасы оның құқықтық білім беруді дамытуға және кәсіби әрі жауапты
жаңа буынды даярлауға деген адалдығын айқын көрсетеді. Сыйға берілген бұл
еңбектер оқу үдерісіне маңызды үлес қосып, заңнаманы, құқық қолдану тәжірибесін
және ғылыми зерттеулерді терең меңгеруде сенімді білім көзіне айналмақ.
Aстана Халықаралық университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және
студенттері Исидор Шамилұлы Борчашвилиге Жоғары құқық мектебінің дамуына қосқан
баға жетпес үлесі мен жас мамандарды қолдауы үшін шынайы алғыс білдіреді.
Astana
International University өз профессорларымен мақтанады — олар ғылымға, білімге
және қоғамға қызмет етудегі адалдығымен студенттерге үлгі болуда.