Агрохакатон-2025: AIU студенттері республикалық финалға жолдама алды

2025 ж. 17 қаз., жм, 09:54

2025 жылдың 14 қазанында Астанада «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты Агрохакатон өтті. Байқауға 20-дан астам команда қатысты. Олардың ішінде AIU, Экономика жоғары мектебінің Бизнес-инкубаторы және Энактус клубының студенттерінен құралған алты команда жоғары дайындық деңгейі мен инновациялық идеяларын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана Халықаралық университетінің Энактус командасы «Sabi Track» жобасымен жеңіп алды. Команда құрамында студенттер: Құсайынова Дильназ, Отарбек Әдемі, Мұқашева Камилла, Мұқамбаев Тимур, Сүлейманова Амина, Еспембет Бекзат, Мақсотұлы Әділет және Вагнер Вадим қатысты. Олардың жобасы инновациялық тәсілдемесі мен елдегі өзекті мәселелерді шешудегі әлеуеті үшін төрешілерден жоғары бағаланды.

Енді AIU командасы 2025 жылдың 24 қазанында Астана қаласында өтетін Республикалық байқаудың финалында өз жобасын ұсынуға дайындалуда. Студенттерімізге сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!

 

 


249