2025 жылғы 16 қазан күні Astana
International University студенттердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын
арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамда жауапкершілікті
мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында құқық қорғау және мемлекеттік құрылымдар
өкілдерімен кездесу өткізді.
Шара
барысында қонақтар студенттерге өз тәжірибелерімен бөлісіп, қауіпсіздік
саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
- Багдаулет Рысдавлетұлы Оспанбаев,
Астана қаласы Полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл
бөлімшесінің бастығы, полиция майоры, киберкеңістіктегі заманауи қауіптер
мен жеке деректерді қорғау шаралары туралы баяндады.
- Абзал Ануарбеков, жол-көлік
оқиғаларына шығу бойынша кезекші инспектор, полиция капитаны, жол-көлік
оқиғаларының себептері мен салдары жөнінде айтып, жол жүру ережелерін
сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
- Арман Нұрахметұлы, Дін істері
басқармасының теологы, өз сөзінде рухани қауіпсіздік, діни экстремизмнің
алдын алу және жастар арасында төзімділік құндылықтарын қалыптастыру
мәселелерін қозғады.
Кездесу
барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, құқық қорғау
және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың маңызды қырларын талқылады.
Іс-шара
студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, цифрлық қауіпсіздік туралы білімін
кеңейтуге және университет пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы
ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.