2025 жылдың 1 қыркүйегінен 30 желтоқсанына
дейін Экономика жоғары мектебінің 6В04122 «Халықаралық бизнес» білім беру
бағдарламасы бойынша оқитын Дарья Баленко, Аида Дулатова, Ульяна Мухамбеталиева
және 6В04111 «Маркетинг» бағдарламасының студенті Дилдора Эргашева Мәскеу
қаласындағы Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінде»
академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.
Дилдора Эргашеваның айтуынша: «Мәскеуде
оқу — бұл тек білім ғана емес, әлемге деген жаңа көзқарас сыйлайтын ерекше
тәжірибе. Маған менеджмент, ұйымдастырушылық мінез-құлық және психология
пәндері қатты ұнайды — олар адамдарды және өзімді тереңірек түсінуге
көмектеседі. Осындай үлкен әрі шабыттандыратын қалада оқу мүмкіндігіне ие
болғаныма қуаныштымын».
Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары
экономика мектебі» — Ресейдегі экономика, басқару, әлеуметтік және гуманитарлық
ғылымдар саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Мұндай университетпен
серіктестік студенттер үшін кең академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге жол
ашады.
Академиялық ұтқырлық студенттерге бірегей
білім алу тәжірибесін иеленуге, ой-өрісін кеңейтуге, жаңа білім беру ортасына
бейімделуге және басқа елдер мен аймақтардағы болашақ әріптестерімен тәжірибе
алмасуға мүмкіндік береді. Бұл – бәсекеге қабілетті әрі жаһандық ойлайтын
мамандарды даярлаудағы маңызды қадам.