2025 жылғы 15–16 қазанда Астанада өткен Astana Think
Tank Forum 2025 аясында «AP26100031 —
Қақтығыстарды бейбіт реттеу мен ядролық қарусыздандырудың құралы ретіндегі
халықаралық медиациялық хаб: Қазақстан мен шетел елдерінің
тәжірибесі» ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі, PhD Шолпан Саймова ядролық қарусыздандыру тақырыбында сөз сөйледі.
Биыл
Форумның ұраны — «From Polarization
to Partnership: Rebuilding Trust in the International
System» («Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеде сенімді қайта
қалпына келтіру»).
Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ұйымдастыруымен
өткен форум жаһандық қауіпсіздік, сенім дипломатиясы және тұрақты даму
мәселелерін талқылау мақсатында жетекші сарапшыларды, аналитиктер мен халықаралық
ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Форум аясында Шолпан
Саймова «The Nuclear Challenge: Non-proliferation and Disarmament in an
Era of Strategic Rivalry» («Ядролық сын-қатер: стратегиялық бәсекелестік
дәуіріндегі таратпау және қарусыздану») атты панельдік сессияға белсенді қатысты.
Сессия ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимді нығайтуға, жетекші
державалар арасындағы диалогты жандандыруға және жаһандық қауіпсіздік жүйесінде
сенімнің жаңа тетіктерін іздеуге арналды.
Сессия модераторы — Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық қауіпсіздік бөлімінің
жетекшісі Даурен АБЕН.
Спикерлер қатарында:
* Али Сарвар НАКВИ, Халықаралық
стратегиялық зерттеулер орталығының атқарушы директоры (Пәкістан);
* Дарил КИМБАЛЛ, Қару-жараққа
бақылау жөніндегі қауымдастықтың атқарушы директоры (АҚШ);
* Раджив НАЯН, Манохар Паррикар
атындағы Қорғаныс зерттеулері институтының аға ғылыми қызметкері (Үндістан);
* Тарик РАУФ, ядролық басқару
саласындағы тәуелсіз сарапшы, МАГАТЭ-нің Верификация және қауіпсіздік саясатын
үйлестіру басқармасының бұрынғы жетекшісі (Австрия);
* Владимир ОРЛОВ, PIR орталығының
негізін қалаушы ә рөлі айтылды.
Сарапшылар Қазақстанның ядролық
қарусыздану саласындағы бірегей тәжірибесін жоғары бағалап, сенімге, ашықтыққа
және өзара жауапкершілікке негізделген жаһандық ынтымақтастықтың жаңа
тетіктерін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сессия сындарлы пікір алмасу мен көпсалалы ғылыми диалог рухында өтіп, Қазақстанның әділетті, қауіпсіз және тұрақты халықаралық жүйені іске асыру шеңберінде пайдаланылатын болады.
Astana Think Tank Forum — әлемдік сарапшылар мен ой
көшбасшыларын біріктіретін беделді алаң. AIU ғалымдарының осындай деңгейдегі
ғылыми пікірталастарға қатысуы университеттің халықаралық зерттеу
кеңістігіндегі белсенділігін көрсетеді.