Қазақстан
Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы Жоғары білім
беруді дамыту ұлттық орталығында ресми сайттың бета-нұсқасын әзірлеуге арналған
байқаудың қорытынды отырысы өтті. Аталған байқауға еліміздің жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттік командалары қатысты.
Байқауда
қатысушылар ұсынған финалдық жобалар қарастырылды. Жұмыстар бірқатар
критерийлер бойынша бағаланды.Атап
айтсақ,
техникалық тапсырмаға сәйкестігі, ақпараттық қауіпсіздік деңгейі, функционалдық
мүмкіндіктері, заманауи дизайны, шешімдердің креативтілігі және қосымша
функциялардың болуы.
Талқылау
нәтижесінде бірінші орынды Astana International University студенттері — Ерғали
Арыстан мен Жанат Алмаз иеленді. Екінші орын Astana IT University командасына,
ал үшінші орын Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс
университетіне берілді.
Жеңімпаздар
дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Ал басқа қатысушыларға электронды сертификаттар табысталды.Бұл байқау студент
жастарды білім беру саласындағы цифрлық жобаларға тартудың маңызды қадамына
айналып, олардың ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттерін
дамыту алаңына айналды.
Astana
International University Ерғали Арыстан мен Жанат Алмазды лайықты жеңісімен
құттықтай келе,
ғылыми жетекшілеріне көрсеткен қолдауы мен тәлімгерлігі үшін алғыс білдіреді.