2025 жылғы 8–10
қазан аралығында Астана Халықаралық Университетінде Орталық Азия елдеріне
арналған деректерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар өтеді.
Ұйымдастырушылар
қатарында Бюро, БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін Статистика институты (SIAP),
БҰҰ Азия және Тынық мұхиты бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО)
Статистика бөлімі, Қазақстанның халықаралық даму агенттігі (KazAID) және Түркия
Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA). AIU мен Бюро арасындағы өзара
ынтымақтастық туралы меморандум аясында университет бұл іс-шараның тең
ұйымдастырушысы болып табылады.
Семинар
бағдарламасы статистикалық деректерді визуализациялау саласындағы кәсіби
дағдыларды дамытуға және R, Tableau, Superset сияқты заманауи
құралдармен танысуға бағытталған. Қатысушылар үлкен деректер ағындарымен жұмыс
істеудің практикалық тәсілдерін меңгеріп, ақпаратты түсінікті әрі көрнекі түрде
ұсынуды, соның ішінде интерактивті дашбордтар жасауды үйренеді.
Бұл семинар
аймақ елдерінің статистика органдары мамандары, зерттеушілер мен ғалымдары үшін
тәжірибе алмасуға, үздік тәжірибелерді талқылауға және кәсіби ынтымақтастықты
нығайтуға маңызды алаңға айналады. Осындай шараның AIU-де өткізілуі
университеттің Орталық Азиядағы халықаралық білім беру және ғылыми орталық
ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін айқындайды.