Астана
Халықаралық Университетінде психологиялық көмекке хабардарлықты арттыру және
қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Психологиялық Қызметтің Ашық есік
күні ұйымдастырылды.
Іс-шара
барысында студенттер үшін әртүрлі форматтағы белсенділік аймақтары ұсынылды:
арт-техникалар, экспресс-консультациялар, метафорикалық ассоциативтік
карталармен жұмыс ерекше қызығушылық тудырды. Бұл әдістер қатысушыларға өз
эмоцияларын тереңірек түсінуге, ішкі ресурстарын табуға және психологиялық
тепе-теңдікті сақтауға көмектесті.
Ашық
есік күні тек Психологиялық қызметпен танысу мүмкіндігі ғана емес, сонымен
қатар өз-өзіне қамқорлық көрсетудің маңыздылығы, күйзеліспен күресу
жолдары және психологиялық сауаттылықты арттыру туралы ашық әңгіме алаңы болды.
Студенттер мұндай іс-шаралардың психологиялық қысымды азайтып қана қоймай,
өз-өзіне қолдау көрсету мәдениетін дамытатынын атап өтті.
Сонымен
қатар, қатысушылар кәсіби мамандардан кеңес алу психологиялық көмекке жүгінудің
қолжетімді әрі қалыпты тәжірибе екенін түсінді. Университет ұжымы болашақта да
студенттердің психологиялық әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды жүйелі
түрде өткізуге ниетті.