Астана халықаралық университетінің Өнер және
гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «Шығармашылық және AI: студенттік
жобалар» атты көрме өтті. Шара оқу және шығармашылық жұмыстарда жасанды
интеллектіні қолдануға арналды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын атап өткендей,«ЖИ дамуы – бұл жай ғана технологиялық тренд емес, ол ел егемендігін
нығайтудың, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың және тұрақты экономикалық өсімді
қамтамасыз етудің қажетті шарты».
AIU осы стратегиялық күн тәртібін қолдай
отырып, білім беру процесіне заманауи цифрлық құралдарды белсенді енгізуде.
Университет цифрлық құзыреттерді, креативті ойлауды және оқытудың инновациялық
тәсілдерін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды.
Көрмеде студенттер жасанды интеллектінің
көмегімен жасалған дизайн-жобаларын, визуалды концепцияларын, цифрлық шешімдері
мен зерттеу жұмыстарын ұсынды. Экспозицияның басты мақсаты – заманауи
технологиялардың креативті әлеуетті ашуға, зерттеу белсенділігін арттыруға және
кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігіне айналып отырған инновациялық құралдармен
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға қалай ықпал ететінін көрсету.
Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары
мектебінің деканы Ыбырай С.Б.
«Бүгінде жасанды интеллект кәсіби дайындықтың маңызды бөлігіне айналуда. Біз
студенттеріміздің уақытпен қатар қадам басып қана қоймай, болашақта сұранысқа
ие болатын жобаларды жасау арқылы оны озып отыруына ұмтыламыз»,- деді.
Көрменің кураторлары Иманғалиева Г.А. мен
Дауменова Э.Т. өз ойларын білдірді.
«Біз студенттердің жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, оларды өз
идеялары мен шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру құралы ретінде пайдаланып
жатқанын көріп отырмыз», – деді.
Осылайша, «Шығармашылық және AI: студенттік
жобалар» көрмесі студенттік идеялардың көрсетілімімен қатар, тәжірибе алмасу
мен адам мен технология өзара әрекеттестігінің жаңа формаларын іздеу алаңына
айналды. Ол жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне интеграциялаудың
маңыздылығын айқындап, AIU студенттерінің болашақ әлемінің көшбасшылары болуға
дайын екенін көрсетті.