2025 жылғы 27–28 қыркүйек күндері Астана халықаралық
университетінің «Аналитикалық химия және ФХМА» зертханасында KIOT Junior
(Kazakhstan International Olympiad Team) дайындық лагерінің эксперименттік
бөлігі өтті. Шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген облыстық құрама
резервінің 8–9 сынып оқушылары қатысты.
Практикалық сабақ барысында мектеп оқушылары катиондар
мен аниондарды сапалық талдау бойынша зертханалық жұмыстар орындап, теориялық
білімдерін бекітіп, практикалық тәжірибе жинақтады.
Сабақтарды республикалық және халықаралық
олимпиадалардың жүлдегерлері, AIU химия үйірмесінің мүшелері ұйымдастырды.
7М01503 «Химия» мамандығының 1-курс магистранты Қаиров Нұрлан және 6В01503
«Химия» мамандығының 2-курс студенті Акрамов Асланбек.
«Химиядан эксперименттік есептерді шығару» үйірмесі к.п.н., доцент Нұрғалиева Д.А. жетекшілігімен жұмыс істейді. Студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында химия ғылымын танымал етуге бағытталған