Астана Халықаралық Университеті Күз Ортасы мерекесі мен ҚХР құрылған күнін атап өтті

2025 ж. 30 қыр., сс, 14:01

2025 жылғы 30 қыркүйекте Астана Халықаралық Университеті (AIU) Бейжің Тіл және Мәдениет Университетінің Қазақстандағы филиалы (BLCU Kazakhstan) базасында Күз ортасы мерекесіне арналған мәдени шара өтті.

Іс-шараға  AIU оқытушылары мен студенттері, арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Құрметті қонақтар қатарында ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь және Астанадағы Қытай мәдениет орталығының басшысы Ван Циньпин болды. 

Бүгінгі іс-шара  Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени диалог пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға өз септігін тигізетінін анық, қатсушыларға елдің мәдениетін, дәстүрін, ұлттық тағамдарын, музыкасын, қолөнерін тереңірек танып білуге жол ашады.

«Қытай халқының ең көне әрі қастерлі мерекелерінің бірі – Күз ортасы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн ежелден бері отбасының бірлігін, жарасымдылық пен берекені білдіріп, нұрлы айдың дөңгеленіп толысуы ұрпақтар сабақтастығы мен жарқын болашаққа деген үміттің айшығына айналған. Сонымен қатар келе жатқан Қытай Халық Республикасының құрылған күнімен қытайлық әріптестерімізді құттықтаймын. Қытай Қазақстанның стратегиялық әріптестері арасында айрықша орын алады. Қытай Халық Республикасына бейбіт өмір, тұрақтылық, өркендеу мен жаңа жетістіктер тілейміз», – деп атап өтті Астана халықаралық университетінің Президенті Ирсалиев Серік.

ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь Күз Ортсы мерекесінің — ежелгі отбасылық бірлік пен рухани құндылықтардың символы екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қытайдың соңғы 76 жылдағы жетістіктерін — әлемдегі екінші экономикаға айналуы, абсолютті кедейлікті жоюы және жаһандық басқаруға белсенді қатысуы туралы баяндады.

Осылайша, аталмыш шара  Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тағы бір үлес қосып, саясат, экономика, білім беру және мәдениет салаларындағы әрі қарай негіз қалайды.

 

 


130