2025 жылғы 26 қыркүйекте Астана халықаралық университетінде ЖОО-дан кейінгі білім беру және академиялық мобильдік
бөлімі, халықаралық ынтымақтастық бөлімі, ғылым бөлімі өкілдерінің қатысуымен
Витаутас Магнус (Витаутас Ұлы) университетінің (Қаунас қ., Литва) өкілдерімен
кездесу өтті. Кездесуге биоэкономика факультетінің деканы, профессор, PhD
докторы Бернардас Вазнонис халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас маманы доктор,
Елена Плотникова факультеттің ғылыми және жобалық қызметі бойынша үйлестірушісі
Анастасия Новикова қатысты.
Кездесу барысында оқу орындары арасындағы екіжақты
ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде
мынадай уағдаластықтарға қол жеткізілді:
- білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық
алмасуларын ұйымдастыру;
- экономика, менеджмент бойынша бірлескен магистрлік білім беру
бағдарламасын әзірлеу және барлық оқу деңгейлерінде қос диплом алу
мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- Erasmus+ халықаралық бағдарламасына қатысу;
- семинарлар мен конференцияларды қоса алғанда, бірлескен ғылыми
іс-шараларды өткізу.
Тараптар серіктестік байланыстарды кеңейтуге өзара
мүдделілік танытып, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.