AIU
Педагогикалық институтында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының
180 жылдық мерейтойына орай студенттердің қатысуымен рухани-мәдени іс-шара
ұйымдастырылды.
Шара
барысында студенттер ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен
үзінділер келтірді. Сонымен қатар, олар Абай мұрасына негізделген көріністер
қойып, қазақтың дәстүрлі және заманауи әндерін орындап, би биледі.
Бұл
мерекелік кештің мақсаты – Абайдың асыл мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту,
жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарға деген
құрметті арттыру болды.
Абайдың
даналыққа толы шығармалары – әділетке, білімге, адамгершілікке үндейтін
мәңгілік қазына. Институт студенттері ақын мұрасын үлгі ете отырып, оның
ой-тұжырымдарын күнделікті өмірде жүзеге асырудың маңызын атап өтті.