AIU студенттеріне «Темекіге қарсы» акциясы өтті

2025 ж. 12 қыр., жм, 11:13

11–12 қыркүйек күндері Astana International University-де ТОО «Astana Clinic» серіктестігімен бірлесіп профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара барысында салауатты өмір салты және студенттерді темекі шегуді азайтуға бағытталған әрекеттерге жұмылдыру керектігі айтылды. Дәрігерлер студенттерге «Темекі шегудің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Студенттерге темекінің адам денсаулығына зияны, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесіне әсері, сондай-ақ пассивті шегудің қауіптілігі түсіндірілді. Сонымен қатар зиянды әдеттен бас тарту мәдениетін қалыптастыру мен жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы атап өтілді.

Университет әкімшілігі студенттерге темекі шегу тек арнайы белгіленген орындарда рұқсат етілетінін, ал ережені бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Бұл іс-шара «Жүрек саулығы орталығы» бағдарламасы аясында өтті және жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.


1071