AIU Президенті 2025 жылғы Конституция күнімен құттықтады

2025 ж. 30 там., сб, 04:43

Құрметті Astana International University студенттері, оқытушылары және қызметкерлері!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы 30 тамызда Отанымыздың Негізгі заңы қабылданған болатын. Ол барлық халқымыздың мақсат-мүддесінің айқын көрінісі болып табылады. Негізгі заң қағидаттарына сүйене отырып, біз Astana International University-ін Қазақстандағы ең үздік халықаралық жоғары оқу орны деңгейіне көтере білдік!

Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, әрқайсыңыздың отбастарыңызға аманшылық, береке-бірлік тілеймін! Еліміздің гүлденуіне қосқан Сіздердің үлестеріңіз табысты еңбектеріңіздің кепілі болып қала берсін!


108