АІU Президенті Арменияның Конституциялық сот төрағасымен кездесті

2025 ж. 28 там., бс, 11:49

28 тамызда Astana International  University Президенті  Ирсалиев Серік Әзтайұлы Армения Конституциялық сотының төрағасы Арман Диланянмен  кездесті.

Кездесу  барысында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сот Төрағасы Диланян Арман Эдуардович заң саласындағы озық тәжірибелер мен жетістіктермен алмасу, сондай-ақ заң кадрларын даярлау бойынша ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін білдірді. Кездесу соңында тараптар ақпарат алмасу және екі елдің құқықтық және сот жүйелерін дамыту үшін одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.


47