Astana International University
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол
қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар «Қылмыстық әлеуметтік-экономикалық факторлардың
әсерін кешенді зерттеу және негізгі детерминанттарды болжау мен анықтауда
жасанды интеллект алгоритмдерін қолдану» тақырыбында бірлескен ғылыми-аналитикалық жобаны
жүзеге асыруға келісті.
Зерттеудің мақсаты –
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың қылмыстық мінез-құлыққа ықпалын анықтап,
құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект
технологияларының әлеуетін бағалау.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
·
Студенттер IT
бағытында Қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығының жобаларына қатысуы;
·
Мемлекеттік
органдарда студенттердің тағылымдамадан өтуі;
·
Құқықтық
тәртіп саласындағы аналитикалық шешімдерді бірлесіп әзірлеу.
Бұл бастама – заңдылық пен
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту мақсатында ғылыми әдіс пен
тәжірибені, сондай-ақ заманауи технологияларды біріктіруге бағытталған.
Ынтымақтастықтың
стратегиялық нәтижесі
– полиция, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарының тәжірибелік
жұмысында қолдануға болатын қылмыстылықты болжау модельдерін және ерте ескерту
жүйелерін әзірлей алатын жаңа аналитикалық мектеп құру. Бұл «Заң және
Қауіпсіздік» тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қосады.