Экономика жоғары мектебінде виртуалды кеңес беру орталығы жұмыс істейді.
Орталық ғылыми ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу құзыреттілігін дамытуға, қазіргі
заманғы халықаралық ғылым стандарттарына сәйкес жас ғалымдардың ғылыми
зерттеулерінің тәртіптік ерекшелігін ескере отырып, мақалалар мен басқа да
жарияланымдар жазу бойынша консультациялар өткізуге, мүдделі тұлғалар үшін ғылыми-
әдістемелік, консультациялық, сараптамалық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуге
арналған. Орталық «Диссертациялық зерттеу жүйесіндегі ғылыми мақала», «Қорғауға
шығарылатын диссертацияның ғылыми ережелері», «Диссертация матрицасы» сияқты
тақырыптарда ПОҚ, магистранттар және докторанттар үшін ғылыми семинарлар, мастер-
класстар ұйымдастырылады.
Профессор Аймурзина Б. Т. магистранттар, докторанттар және ЭЖМ ПОҚ үшін
«Қорғауға шығарылатын диссертацияның ғылыми ережелері» атты ғылыми онлайн-
семинар өткізді - 02.05.2024ж.
2024 жылғы 05 желтоқсанда Экономика Жоғары мектебі жанындағы «Виртуалды
кеңес беру орталықта» «Диссертация матрицасы» мастер-класс өткізілді. Мастер-классты
PhD докторы, АЖ қауымдастырылған профессоры, "ItechProjects" ЖШС IT-мамандарды
даярлаудың инновациялық мектебінің авторлық курстарын жасаушы Самбетбаева М. А.
өткізді. Мадина Аралбайқызы зерттеу саласындағы өзінің кәсіби білімімен бөлісті,
диссертация, ғылыми мақала жазудағы негізгі проблемаларды анықтады, диссертацияның
негізгі қателіктерін анықтады, сонымен қатар Q1, Q2 мақалаларын жазудың тәсілдерін,
және жоғары процентильді журналдарда индексация мәселелерінің тиімді әдістерін ашты.
Кері байланыс барысында мастер-класс қатысушылары өздерінің жағымды әсерлерімен
бөлісіп, ғалым-лекторға алғыстарын білдірді.