2024–2025 оқу жылы барысында Social Innovation Laboratory PhD
докторы Сауле Төлегенқызы Окутаеваның жетекшілігімен әлеуметтік
кәсіпкерлікті дамыту, студенттерді өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге
тарту және білім беру ортасындағы инклюзивті тәжірибелерді ілгерілету
бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырды.
Лаборатория аясында қаржылық сауаттылық, тұрақты энергия көздері,
волонтерлік қызмет және инклюзивті бизнес тақырыптарын қамтыған
кәсіпкерлер мен сарапшылардың қатысуымен мастер-класстар мен қонақ
дәрістері өткізілді. Әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту мәселелеріне
ерекше назар аударылды. Студенттер әлеуметтік кәсіпорындарға
ұйымдастырылған танымдық экскурсияларға қатысып, бұл саладағы
жұмыстың нақты тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Білім беру іс-шараларымен қатар, Лаборатория ғылыми-зерттеу
жұмыстарын да жүзеге асырды. Еуразиялық әлеуметтік кәсіпкерлер
құрылтайында ғылыми баяндамалар ұсынылып, Жоғары экономика
мектебінің студенттерімен бірлесе мақала жарияланды.
Лабораторияның жұмысы студенттерде азаматтық жауапкершілікті
қалыптастыруға, әлеуметтік ойлауды дамытуға және әлеуметтік
инновациялар саласында практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.