Рекреациялық география және туризм

Білім беру бағдарламасының тобы және коды:

B052 Жер туралы ғылым

Білім беру бағдарламасының коды және атауы:

6B05203 Рекреациялық география және туризм

Оқу мерзімі: 4

Оқу құны: 540000

Берілетін дәреже: Бакалавр

рекреациялық география және туризм саласында теориялық білімі бар; деректерді жинау мен талдаудың заманауи әдістерін меңгерген; туристік-рекреациялық әлеуетке баға бере алатын, экскурсия жүргізудің әртүрлі технологияларын қолдана алатын және алған білімдерін туристік қызметтер нарығының үнемі өсіп келе жатқан талаптарына сәйкес практикада қолдана алатын туристік-рекреациялық салада жұмыс істейтін бакалаврларды даярлау.

Жалпы жертану, Картография, әлемнің физикалық географиясы, шет елдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы, Демография негіздерімен халық географиясы, Көлік және инфрақұрылым географиясы, Туризмнің технологиясы және аумақтық ұйымдастырылуы (түрлері бойынша), Туристік-рекреациялық табиғат пайдалану, Туристік индустрия кәсіпорындарындағы Менеджмент, Туристік-рекреациялық жобалау негіздері, Геоақпараттық технологиялар, табиғи және мәдени ҚР және әлем мұрасы, Туризм индустриясы кәсіпорындарының экономикасы

Түлектер ғылыми-зерттеу ұйымдарында (институттар мен зертханаларда), мемлекеттік табиғатты қорғау мекемелерінде, ұлттық саябақтарда, қорықтарда, ботаникалық бақтарда, табиғи қорықтарда және туристік ұйымдарда жұмыс істейтін болады.

Каталог дисциплин