
AIU БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА
2025 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Кәсіпкерлер палатасының Салалық емес іскер әйелдер кеңесінің отырысы сәтті өтті. Іс-шара барысында қатысушылар «Даму» қорының жаңа қолдау құралдары туралы толық ақпарат алып, «QazInnovations» ұйымының гранттық қаржыландыру мүмкіндіктерімен танысты және қайтарымсыз грант алу үшін өтінімді қалай дұрыс беру керектігін білді.


