ТДМ 1 · Кедейлікті жою
AIU-дың мақсатқа жетуге қосқан үлесі
AIU жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттер үшін білім алу мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынып, ТДМ 1-ді іске асыруға ықпал етеді. Университетте мемлекеттік, өңірлік және өзге де грант түрлері қарастырылған. Білім ордасының мақсаты – әлеуметтік теңсіздікті азайту. Ақылы тағылымдама бағдарламалары мен мансаптық тренингтер студенттердің қаржылық сауатын арттырып, оқу бітіргеннен кейін олардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне көмектеседі.
