
Астанада халықаралық жазғы мектептің жабылу салтанаты өтті
Бүгін Астана төріндегі «AIU 2026 – Елорда жүрегінде» Халықаралық жазғы мектеп жобасы өз мәресіне жетті. Осыған орай, Астана Халықаралық университетінде мерекелік кеш өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жастар сахна төрінде өздерінің ұлттық киімдері мен дәстүрлерін таныстырды. Бірнеше мәдениетті тоғыстырып, түрлі елдің арасын жалғаған жоба қатысушылары дән риза. Алғаш рет ұйымдастырылса


