ТДМ 14 · Теңіз экожүйелерін сақтау
AIU-дың мақсатқа жетуге қосқан үлесі
Астана халықаралық университеті мұхиттарды, теңіздерді және басқа да су экожүйелерін қорғауға бағытталған ТДМ 14-ті қолдайды. Қазақстанның географиялық ерекшелігіне қарамастан, су ресурстарының ластануы мен азаюы еліміз үшін де өзекті мәселе. Университет су экожүйелерін сақтауға және табиғи ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануға қатысты ғылыми бастамаларға басымдық береді. AIU-дың мақсаты – жастардың экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуына ықпал ету.
